You are currently viewing Aqyl Energy: газ смарт-есептегіштері кімге тегін орнатылады?

Aqyl Energy: газ смарт-есептегіштері кімге тегін орнатылады?

Қазақстанда Aqyl Energy жобасы аясында механикалық есептегіштерді смарт-құрылғыларға ауыстыру жұмысы қарқын алды. Бүгінде 70 мыңға жуық смарт-есептегіш орнатылып үлгерді.

Ерекше атап өтерлік жайт, бұл жұмыс табиғи газды бұрыннан қолданып келе жатқан абоненттер үшін газ таратушы компания, яғни «QazaqGaz Aimaq» АҚ тарапынан тегін жүргізіледі.

Заманауи смарт-есептегіштерді орнату тек жаңа абоненттер үшін ақылы болады.

Жалпы, жобаның аясында 1,35 миллион интеллектуалды газ есептегішін орнату жоспарланған. Цифрлық есептеу құралы газ тұтыну деректерін қашықтан беруге жол ашып, тұтынуды бақылау мен есеп жүргізудің тиімділігін арттырады.