You are currently viewing Түркістан облысында өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтіледі

Түркістан облысында өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтіледі

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат өңірдегі газ саласының қауіпті өндірістік объектілерінде профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде «Пергам» арнайы автокөлігін бірлесіп әрі тиімді пайдалануды көздейді.

Арнайы техника қауіп-қатерлерді уақтылы анықтауға және ықтимал апаттардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді.

Тараптардың бірлескен жұмысы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды жетілдіруге, төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі өзара іс-қимылды нығайтуға және өңірдегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.