Астанада мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай «QazaqGaz «ҰК» АҚ кеңейтілген кеңесі өтті. Панельдік сессия аясында ұлттық компания басшылығы энергетикалық сын-қатерлер жағдайында газ саласының дамуы туралы айтып берді.
Атап айтқанда, «QazaqGaz» ҰК » АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов газ саласын трансформациялау нәтижелері және 2025-2029 жылдарға арналған жоспарлар туралы айтып берді.
«2023 жылы QazaqGaz Мемлекет басшысы, Үкімет, Энергетика Министрлігі, Самұрық-Қазына қорының қолдауымен газ транзиті мен экспорты бойынша маңызды уағдаластықтарға қол жеткізді. Өзіміздің ресурстық базаны дамыту белсенді жүріп жатыр. Осылайша, ағымдағы күзгі-қысқы кезеңде газ тапшылығы мәселесі шешілді», — деді Санжар Жаркешов.
Сонымен қатар, компания қызметкерлері QazaqGaz-да жүзеге асырылып жатқан корпоративтік жобаларды таныстырды. Олардың қатарында BaQylau платформасын енгізу, корпоративтік мобильді қосымшаны әзірлеу, GeoQG геологиялық-геофизикалық деректердің интерактивті цифрлық платформасы, сондай-ақ BilimQG білім беру жүйесі бар.


Іс-шара қорытындысы бойынша алдағы күзгі-қысқы кезеңге арналған мақсаттар мен жоспарлар белгіленді, сондай-ақ Қазақстан тұрғындарын табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін міндеттер айқындалды.