Қарағанды қаласының Таугүл және Күнгей шағын аудандарын газдандыруға арналған газ тарату желілерінің құрылысы толық аяқталды. Жобаның 6-шы іске қосу кешені аясында жалпы ұзындығы 201,1 шақырым газ желісі тартылып, 4 газ реттеу пункті (ГРП) және 44 шкафтық газ реттеу пункті (ГРПШ) орнатылды.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының белсенді атсалысуымен тиісті жобаны іске асыру нәтижесінде 4 940 жеке тұрғын үйді табиғи газға қосуға мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар, газ тарату желісіне әлеуметтік және қоғамдық нысандарды қосу көзделген. Атап айтқанда, 1 мектеп, 5 балабақша, 2 медициналық мекеме, 1 үлкен мешіт, 4 спорт секциясы және 12 таунхаус кешені газдандыру мүмкіндігіне ие болады.
Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмысы толық аяқталып, газ құбырларын үрлеу, герметикалық сынау жұмыстары жүргізіліп, қажетті технологиялық шаралар орындалды.
Жобаның жүзеге асуы Таугүл және Күнгей шағын аудандары тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартуға, қалалық инфрақұрылымды дамытуға және әлеуметтік нысандарды табиғи газбен қамтамасыз етуге жол ашады.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Мемлекет басшысының елімізді газдандыру деңгейін 80 пайызға жеткізу тапсырмасы және «Халықтық құрылыс» ауқымды бағдарламасы аясында, Энергетика министрлігі, «QazaqGaz» ҰК» АҚ және өңірлер әкімдіктері сынды тараптармен бірлесе отырып, газ тарату инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыстыжалғастыруда.