«QazaqGaz Aimaq» АҚ СТ РК ISO 37001-2017 «Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйелері» (ПҚМЖ) ұлттық стандарты талаптарына сәйкестік сертификатын алғанын хабарлайды.
Сертификаттау рәсімі «QazaqGaz Aimaq» АҚ-да енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйеге кешенді баға беруді қамтыды. Атап айтқанда, ол мынадай бағыттарды қамтыды:
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және басқару,
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру,
- ішкі бақылау және есептілік,
- персоналды ақпараттандыру және оқыту,
- өтініштер мен бұзушылықтар туралы хабарламаларды қабылдау тетіктерінің жұмыс істеуі.
Аталған сертификаттың алынуы компания қызметінің этика, адалдық және заңдылықтың жоғары стандарттарына сай екенін растайды. Бұл сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу және оларды болдырмау бойынша тиімді тетіктердің бар екенін көрсетеді.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ-да Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесін (ПҚМЖ) енгізу заңнама талаптары ғана емес, сонымен қатар корпоративтік мәдениет пен әлеуметтік жауапкершіліктің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Компания тұрақты даму тек ашықтық пен есептіліктің жоғары деңгейі жағдайында мүмкін екенін ерекше атап өтеді.