You are currently viewing Алматыда газ құбырын жаңғырту басталады: Жароков көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

Алматыда газ құбырын жаңғырту басталады: Жароков көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

Құрметті Алматы қаласы тұрғындар және қонақтары  Алмалы ауданында жерасты газ құбыры қайта жаңғыртылады: Жароков көшесінде қозғалыс ішінара шектеледі.

2026 жылдың маусым айында Алмалы ауданында орта қысымды жерасты газ құбырын қайта жаңғырту жұмыстары басталады.

«QAZAQGAZ AIMAQ» АК компаниясының мәліметі бойынша, жаңғырту жұмыстарының жалпы ұзындығы 1861 метр болатын учаскені қамтиды — Қарасай батыр көшесінен Жароков көшесінің шығыс жағы бойымен Мынбаев көшесіне дейін.

Қайта жаңғырту барысында 1974 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан диаметрі 426 мм болатын қолданыстағы газ құбыры диаметрі 530 мм жаңа газ құбырына ауыстырылып, 29 мыңнан астам пәтер мен 915 жеке тұрғын үйді газбен жабдықтау сенімділігі артады.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Жароков көшесінің жекелеген учаскелерінде автокөлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі.

Осыған байланысты жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасында өзгерістерді ескеруге кеңес беріледі.