«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалындағы сурет байқауы «Болашақтың жұмыс киімі» аталды. Оған қатысқан қызметкерлердің балалары төл мейрамдарының шуағын шын сезініп, ата-аналарымен бірге қуанышқа бөленді.
Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған қызықты шара нәтижесінде филиалдың бас инженері Айдын Шаймерденов кішкентай қатысушыларға сыйлық сертификаттарын табыстап, келешекте газ саласының кәсіби мамандары болуын тіледі. Ал ересектер тарапы осындай көңілді сайыс ұйымдастырған компания басшылығына алғыстарын жеткізіп, оның жыл сайынғы игі дәстүрге айналатынына үміт білдірді.
«QazaqGaz Aimaq» компаниясы алдағы уақытта да өз қызметкерлері мен олардың отбасыларын қолдау мен корпоративтік мәдениетті дамытуға арналған әлеуметтік бастамаларға көңіл бөле береді.