You are currently viewing Кербұлақ ауданында тағы тоғыз елдімекен табиғи газға қосылды

Кербұлақ ауданында тағы тоғыз елдімекен табиғи газға қосылды

Жетісу облысы Кербұлақ ауданының тағы тоғызелдімекені табиғи газға қол жеткізді. «QazaqGazAimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының мамандары Байғазы, Тастыбастау, Алтынемел, Ақбастау, Доланалы, Жаңалық, Жайнақ батыр, Шаған және Тастыөзек ауылдарына көгілдір отын беруді қамтамасыз етті.

Бүгінгі іске қосу нәтижесінде Кербұлақ ауданындағы газ қуаты қолжетімді елдімекендердің саны 22-ге жетті. Жалпы 1 390 тұрғын үйде тұратын 6 мыңға жуық жан газға қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Газдандыру ісі Мемлекет басшысының ел халқын газдандыру деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда. «QazaqGazAimaq» АҚ газ қабылдауға арналған нысандарды дайындауды, іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуді, тұтынушыларды қосуды және газ тарату желілерін қауіпсіз пайдалануға беруді қамтамасыз етіп жатыр.

Кербұлақ ауданын газдандыру жобасы Жетісу облысындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі болып табылады. Ауданның 25 елдімекенінде газтарату желілерінің құрылысы 2024 жылы басталды. Жобаның тапсырыс берушісіЖетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

Кезекті қадам аясында жалпы ұзындығы шамамен 190 шақырым газ тарату желілері, Қоғалы ауылына тартылған газ құбырының бас жоғары қысымды шкафтық газ реттеу пункті, бір блокты газ реттеу пункті және 23 шкафтық газ реттеу пункті пайдалануға берілді.

«Біз Жетісу облысының газ инфрақұрылымын кезең-кезеңімен дамытып келеміз. Әрбір жаңа іске қосудың артында заманауи инженерлік шешімдер, қауіпсіздік және халықтың өмір сүру сапасын арттыру міндеті тұр. Аудан тұрғындары үшін бұлэкологиялық таза әрі сенімді энергия көзіне қолжеткізу мүмкіндігі болса, өңір үшінәлеуметтік-экономикалық дамуға жасалған қосымша серпін. Сонымен қатар, тұтынушыларға табиғи газдыпайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды және қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда 104 нөмірі бойынша апаттық-диспетчерлік қызметке хабарласуды еске саламыз», – деді«QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Нұржан Түймебаев.

Жалпы жобада Кербұлақ ауданының 25 елдімекенінде шамамен 500 шақырым газ тарату желілерін салу көзделген. Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін табиғи газға 30 мыңнан астам тұрғын немесе шамамен 8 мың үй қосылу мүмкіндігіне ие болады. Газбен жабдықтау көзі ретінде сағатына 30 мың текшеметр өнімділігі бар «Сарыөзек» автоматтандырылған газ тарату станциясы және сағатына 2 мың текше метр өнімділігі бар «Қазансу» автоматтандырылған газ тарату станциясы кәдеге жарауда.

Ауданды газдандыру біртіндеп жүзеге асырылуда. Алғашқы табиғи газ 2022 жылдың желтоқсан айында Сарыөзек ауылына берілді. 2025 жылы жеті елдімекен, ал 2026 жылдың сәуір айында тағы бес елдімекен табиғи газға қосылды. Бүгінгі іске қосудан кейін ауданның 22 елдімекені табиғи газға қол жеткізді.

Кербұлақ ауданындағы пайдаланудағы газ тарату желілерінің жалпы ұзындығы 540 шақырымнан асты. Оларға техникалық қызмет көрсетуді, нысандарды қауіпсіз пайдалануды және тұтынушыларды үздіксіз газбен жабдықтауды «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалы қамтамасыз етеді.

Алдағы жылыту маусымы басталғанға дейін тағы төрт елдімекенҚоғалы, Көкбастау, Қарағаш және Қазансу ауылдарында газды пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл елдімекендердегі газ тарату желілерінің құрылысы толық аяқталып, бүгінде қабылдау-тапсыру рәсімдері жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Жетісу облысының 110 елдімекенінің тұрғындары табиғи газға қол жеткізді, ал өңірді газдандыру деңгейі 67,2%-ға жетті. Қазіргі уақытта өткен жылдардан жалғасқан 16 жоба іске асырылып, жаңа газбен жабдықтау нысандары жобалануда. Жұмыстар аяқталғаннан кейін газдандырылған елдімекендердің саны 126-ға дейін артып, 500 мыңнан астам облыс тұрғыны табиғи газға қол жеткізеді.

Өңірлік газдандыру схемасында көзделген барлықіс-шара жүзеге асырылған соң Жетісу облысын газдандыру деңгейі 93,8%-ға жетеді. Нәтижесінде жалпы саны 652 мыңнан астам тұрғыны бар 210 елдімекен табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ газ тарату инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып, Қазақстан халқын табиғи газбен сенімді, қауіпсіз әрі үздіксіз қамтамасыз етуді жалғастыруда.