You are currently viewing Маңғыстаулық газ мамандарын Амал мерекесімен құттықтады

Маңғыстаулық газ мамандарын Амал мерекесімен құттықтады

“QazaqGaz Aimaq” АҚ Астанадағы орталық аппарат өкілдері Көрісу күні қарсаңында Маңғыстау өндірістік филиалында болды. Бас директор Бауыржан Асқаровқа филиал қызметкерлерінің қысқы жылыту маусымын тұрақты әрі үздіксіз атқарып шыққаны жайлы баяндалды.

Өз кезегінде Бауыржан Бекзатханұлы ұжымды алдағы Референдумда белсенді дауыс беруге шақырып, келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады. Ол жергілікті газ мамандарының сапалы және кәсіби қызметі тұрғындардың табиғи газ отынын қауіпсіз пайдалануына, сәйкесінше өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Айта кетейік, газдандыру деңгейі 99,9 пайызды құрайтын өңірде 379 еңбеккер 5 мың шақырымдай газ құбырына қызмет көрсетеді. Абонент саны 192 583-ті құрайды.