You are currently viewing «QazaqGaz Aimaq» маңғыстаулық қызметкерлері өртке қарсы дайындықты шыңдады

«QazaqGaz Aimaq» маңғыстаулық қызметкерлері өртке қарсы дайындықты шыңдады

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалының қызметкерлері өртке қарсы оқу-жаттығу өткізді. Тиісті шара өңірдегі төтенше жағдай қызметтерімен бірлесіп, компанияның жергілікті әкімшілік нысанында қолға алынды.

Мақсат – төтенше жағдайларға қызметкерлердің дайындығын арттыру, қауіпсіз жерге көшу дағдыларын жетілдіру және өрт қауіпсіздігі деңгейін күшейту.

Оқу-жаттығу барысында шартты өрт кезіндегі қызметкерлердің әрекеттері пысықталып, персоналды эвакуациялау жүргізілді және құлақтандыру жүйесінің жұмысы тексерілді. Сәйкес қадамға ТЖД 9 қызметкері мен 2 арнайы техникасы, апаттық-диспетчерлік қызметтің 4 маманы, сондай-ақ өндірістік филиалдың 16 қызметкері қатысты.