Осымен 2026 жылғы 11 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 09 қаңтардағы №254-VIII Заңының 32-тармағы күшіне енетінін хабарлаймыз. Түзетулерге сәйкес:
«Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтінішті қабылдауды және оны қарау нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорация «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе уәкілетті органның ақпараттық жүйесі немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырады».
Осылайша, техникалық шарттар (ТШ) беруге өтініштерді қолма-қол беру мүмкіндігі енді қолданыстағы заңнамада көзделмейді.