You are currently viewing Жедел жәрдем келгенше не істемек керек

Жедел жәрдем келгенше не істемек керек

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының апаттық-диспетчерлік қызметі қызметкерлеріне Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мамандары алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша тәжірибелік сабақ өткізді.

Оқу барысында қызметкерлер шұғыл жағдайлар кезінде әрекет ету іс-қимылын пысықтап, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу, қан кетуді тоқтату, жарақаттар, күйіктер, естен тану және басқа да төтенше жағдай кезінде алғашқы көмек көрсету тәсілдерін меңгерді.

Тәжірибелік сабақтар қызметкерлердің алғашқы көмек көрсету дағдыларын нығайтып, медицина қызметкерлері келгенге дейін жедел әрі сауатты әрекет етуге дайындығын арттырды. Мұндай шаралар өндірістегі қауіпсіздік деңгейін көтеруге, сондай-ақ қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға ықпал етеді.