You are currently viewing QazaqGaz Aimaq газ тарату желілеріне қосылу қызметін онлайн форматқа көшіруде: пилоттық жоба Астанада іске қосылды

QazaqGaz Aimaq газ тарату желілеріне қосылу қызметін онлайн форматқа көшіруде: пилоттық жоба Астанада іске қосылды

«QazaqGaz Aimaq» АҚ тұтынушыларға көрсетілетін қызметтерді цифрландыру жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде жыл сайын техникалық шарттарды (ТШ) алуға келіп түсетін 120 мыңға жуық өтінімнің шамамен 80% ы немесе 95 мыңға жуығы онлайн форматта өңделеді.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ техникалық шарттарды онлайн режимде беру қызметін ұсынатын табиғи монополиялардың жалғыз субъектісі болып табылады. Халық үшін мұндай мүмкіндік 2023 жылдан бастап eGov порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болса, 2025 жылдан бастап заңды тұлғалар үшін де іске қосылды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа тұтынушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында ТШ алуға байланысты барлық рәсімдер онлайн форматқа көшірілді.

Техникалық шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде беріледі: техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 күн ішінде, ал техникалық жағынан күрделі объектілер үшін 10 күн ішінде.

Келесі жылы «QazaqGaz Aimaq» АҚ газ тарату желілеріне қосылу қызметтерін, оның ішінде газ құбырына қосу және газ жіберу жұмыстарын автоматтандырып, цифрландыруды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта газ тарату желілеріне қосылу қызметі Астана қаласында пилоттық режимде онлайн форматта көрсетілуде. 2026 жылдың соңына дейін бұл сервисті Алматы қаласы мен Атырау облысында енгізу жоспарланған. Одан кейін жоба еліміздің барлық өңіріне кезең-кезеңімен кеңейтіледі.