You are currently viewing Түркістанда 3 ай бойы қауіпсіздік айлығы өткізіледі

Түркістанда 3 ай бойы қауіпсіздік айлығы өткізіледі

2026 жылғы 1 маусым мен 30 қыркүйек аралығында «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы қауіпсіздік талаптарын сақтау және дебиторлық берешекті төмендету бойынша үш айлық шара өткізеді.

Аталған шара Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы №532-IV «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 30-бабына сәйкес газ жабдықтарының қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Үш ай мерзімі аясында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп барлық тұрмыстық тұтынушыларды аралау, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тұрғындарға қауіпсіздік жадынамаларын тарату қолға алынады.

Сонымен қатар, табиғи газ үшін берешегі бар тұтынушылармен жұмыстар жүргізіліп, дебиторлық берешекті төмендетуге күш салынбақ.

Берешек өтелмеген жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес атқарушылық жазба рәсімдеу, сот органдарына жүгіну, сондай-ақ газбен жабдықтауды шектеу немесе тоқтату шаралары қолданылатын болады.

«Тұтынушылардың назарына, берешекке байланысты газбен жабдықтау тоқтатылған жағдайда қайта қосу жұмыстары ақылы негізде жүзеге асырылады», — деп ескертеді филиал басшылығы.

Компания барлық тұтынушыны қауіпсіздік талаптарын сақтауға және тұтынылған табиғи газ үшін төлемдерді уақытылы жүргізуге шақырады.